Мұсылман әйелдің өзгеше жобасы (видеосы орысша)
Мұсылман әйелдің өзгеше жобасы (видеосы орысша)
3 жыл бұрын 1774 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің жаңғыртпалы энергия факультетінің түлегі, 23 жастағы Ханади Әбу Харбид SOLAR FOOD («Күн тағамы») деп аталатын айрықша жобаны қолға алған. Бұл жайында islam.kz порталы alif tv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба күн энергиясын пайдалана отырып, азық-түліктің жарамдылық мерзімін ұзартуды, осылайша әлемнен оқшауланған жағдайда қапысыз қалмауды ұйғарады. Яғни, жеміс-жидекті күн энергиясымен жұмыс істетін гибридті құрылғы көмегімен кептіреді. Дәлірегі, энергияның екі көзінен қуат алаттын қондырғы турасында сөз болып отыр бұл арада. Атап айтқанда, біріншісі – ауа-күн коллекторлық жүйесі, екіншісі – жылу сорғысы, ол энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Өйткені, палесиналықтар Израил билігінің өткізу-бақылау бекеттерін жиі жауып тастайтынына осылайша бейімделген. Оның үстіне, өткен жылы Газа секторындағы ауыл шаруашылық саласы шамамен 16 млн доллар шығын көрген еді Керем-Шалом өткізу-бақылау бекетінің 40 күннен аса уақытқа дейін жабылуына байланысты. Ханади Әбу Харбидтің бұл жобасы жерлестеріне көп көмегін тигізуде.

 

0 пікір
Мұрағат