Мұсылман әйелдің ерекше бастамасы «екі қоянды бір оқпен атып алуға» мүмкіндік береді
Мұсылман әйелдің ерекше бастамасы «екі қоянды бір оқпен атып алуға» мүмкіндік береді
3 жыл бұрын 1835 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Ajeng Dinar Ulfiana / Reuters

Мұсылмандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұрған Индонезияда қоқыс көмегімен балалар сауатын ашу бастамасы әлемдік медиа назарына ілініпті. Дәлірегі, Ява аралындағы мектеп жасындағы балалар қоқыс жинап, онысын кітапқа айырбастай алады. Бұл бастаманы Раден Роро Хендарти (Raden Roro Hendarti) есімді жергілікті мұсылман әйел қолға алған. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол үш доңалақты фургонмен көшпелі кітапхана жасақтаған екен, күн сайын көше шарлап, балаларға арналған кітаптарды қоқысқа айырбастайды. Оның коллекциясында алты мың кітап бар. Балалар пластик пакет, целлофан секілді қоршаған ортаға зиянды қоқысты әйелге тапсырып, өзі ұнатқан кітабын таңдап алады. Кітапханашы әйел апта сайын шамамен 100 келі қоқыс жинайды, оны сұрыптап, өңдеуге береді. Осылайша балаларды кітапқа баулып, бір мақсатына жетсе, қоршаған ортаны қорғап екі ұтады. Балалар кітапқа ие болу үшін қоқыста жинауға арнайы уақыт бөлетін болған. Индонезияның 15 жастан жоғары тұрғындарының сауаттылық деңгейі 96 пайыз. Алайда, Бүкіл әлімдік банктің қыркүйек айындағы болжамы бойынша пандемияға байланысты сауаттылық деңгейі төмендеп келеді. Индонезия жастарының 80 пайызы әріпті ежіктеп оқитын деңгейге дейін түсіп кеткен.

0 пікір
Мұрағат