Мұсылман әйел құлдықтың осы заманғы түрімен күресуде
Мұсылман әйел құлдықтың осы заманғы түрімен күресуде
10 жыл бұрын 3415

Салимата Лам есімді мавританиялық мұсылман әйел ескінің қалдығы, көненің көлеңкесіне айналған құлдықтың осы заманғы түрімен күресуде. Біз сөз етіп отырған мәселеге қатысты қиын жағдайға тап болған отандастарының оңалып кетуіне, лайықты өмір сүруіне қолынан келгенше көмектесіп жатыр. Мавританияның ересек тартқан ақ жаулықтыларының 67%-ы әлі күнге жазу-сызу білмейді. Бұл елде банкомат алғаш рет 2004 жылы ғана орнатылды. Африкадағы осынау елде құлдыққа тыйым салатын асыл дініміздің қанат жайғанына қарамастан аталмыш әлеуметтік жат құбылысқа тосқауыл қойылмай отыр. Нақтырақ айтқанда, бұл елде касталық жүйе оған мұмкіндік бермейді. Яғни, халықтың кейбір бөлігі туған сәтінен бастап автоматты түрде құл санатына жатқызылады. Жазылмаған қатал заңның көбесін сөгетін саяси реформа жүргізілді ме билік тарапынан? Бұл турасында ақпарат жоқ. Шариғат шәлісін ұлттық киіммен әдемі ұштастыра білген Салимата Лам құлдықтағы әйелдерді азат етуге ғұмырын арнаған десе де болады. Ол 1995 жылы заңгер қорғаушы Бубакар Улд Мессауд негізін қалаған "S O Sesclaves» ұйымына жетекшілік етеді. «Иман мен осы ісімнің дұрыстығына деген сенімім бойыма батылдық береді», - деді «Құлдыққа қарсы» деп аталатын халықаралық бағдарламаның үйлестірушісі Салимата Лам "AlJazeera» ақпарат көзінің тілшісі берген сұхбатында.

0 пікір
Мұрағат