Мұнайға әлем бойынша жылдан жылға сұраныс азая бермек
Мұнайға әлем бойынша жылдан жылға сұраныс азая бермек
8 ай бұрын 1200 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Annegret Hilse / Reuters

Биыл электрмен жүретін көлік саудасы қызады. Бұл жайт өз кезегінде мұнайға сұранысты едәуір кемітеді. Бұл жайында islam.kz порталы Халықаралық энергетика агенттігіне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Электрлі көлік саласының жедел өсіп-өркендеуіне аталған көлік түріне деген әлем бойынша сұраныстың артуы мен қуаттау стансалары инфрақұрылымының дамуы ықпал етіп отыр. 2024 жылы 17 млн электрлі көліктің сатылатыны айтылған. Бұл көрсеткіш өткен жылы 14 млн дананы құраған еді. Әлемдегі жаңа көліктердің 20 пайыздан астамы электрлі болады. Қытайда жаңа автокөліктерді сатып алудың жалпы санына шаққанда электрлі көліктердіңң үлесі 50 пайыз шамасында, Еуропада – 25 пайызды, ал АҚШ-та – 11 пайызды құрайтын болады. Электрлі көліктерге сұранысты қанағаттандыру үшін оны тасымалдауға байланысты 2025 жылы мұнайға сұраныс шарықтау шегіне жетеді де 2030 жылға қарай мұнай өндірісінің мөлшері тәулігіне алты млн баррелге дейін қысқармақ. Ал 2035 жылға таман тәулігіне 11 млн баррелге дейін төмендейді. Бұл көрсеткіш қазіргі мұнайды тұтыну деңгейімен салыстырғанда 10 пайызға кем.

0 пікір
Мұрағат