Мұнай өндіруді азайту келісімі ұзартылады
Мұнай өндіруді азайту келісімі ұзартылады
7 жыл бұрын 7827 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

ОПЕК пен мұнай өндіретін өзге елдер мұнай өндіруді азайту  уралы келісімнің мерзімін ұзартуға қарсы емес. Бұл жайында Біріккен Араб Әмірлігінің энергетика министрі Сухейл Мазури Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында мәлім етті: "БАӘ келісімді тағы бір кезеңде ұзартуды қолдайды, нарықты қалпына келтіретін ОПЕК-тің барлық шешіміне қолдау білдіреді". Оның пікірінше, бұл келісім мұнай нарығының тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектесуде. Айта кетейік, ОПЕК-ке мүше елдер мен мұнай экспорттайтын өзге елдердің сала басшылары Аустрия астанасында мамыр айының 25-і күні кездесіп, 2016 жылдың аяғында мерзімі аяқталған мұнай өндіруді азайту жөніндегі келісім мерзімін 2018 жылдың наурыз айына дейін ұзарту мәселесін талқылайтын болады. БАӘ энергетика министрінің айтуынша, бұрынғы келісім бойынша белгіленген мұнай өндіруге қатысты шектеу (1,8 млн баррелге дейін) сақталып қалады. 

0 пікір
Мұрағат