«Мұхаммед» есімі Норвегияда да көш бастап тұр
«Мұхаммед» есімі Норвегияда да көш бастап тұр
10 жыл бұрын 3743

Норвегия астанасындағы ер адамдар мен ұл балалар арасында тұңғыш рет «Мұхаммед» есімі көш бастады. Айтылуы, естілуі, жазылуы түрліше болғанымен түбірі осынау қастерлі есімге саятындардың қатары жылдан жылға өсіп келеді. Норвегияның стастикалық құзырлы орынының дерегіне қарағанда, ұзын саны 4801 адамның азан шақырып қойған аты Мұхаммед екен. Салыстыру үшін айта кетсек, Осло қаласында Ян есімін иеленгендердің қарасы – 4667 адам, ал Пер – 4155 адам. Бір қызығы, Мұхаммед есімі осымен төртінші жыл қатарынан көш бастап келеді. Мәселен, өткен жылы осы Осло қаласында 108 балаға Мұхаммед есімі қойылған. Сонымен қатар, норвегиялықтардың дені Оскар, Аксель, Филип, Александр секілді есімдерді қолай көрген. Рейтингте Норвегия бойынша Мұхаммед есімі бірінші орынға шыққан. Бұл есім ең әйгілі әрі ең таңдаулы жиырма есімнің құрамында да көш бастап тұр.

 

0 пікір
Мұрағат