Мүгедектерге ыңғайлы қызмет көрсетеді
|
Өзбекстанда әуежай қызметкерлерін мүгедек жандарға ыңғайлы жағдай жасауға үйретті. Өзбекстанның барлық әуежайларында 7-ші мен 14-ші сәуір аралығында семинар-тренингтер өтті. Бұл басқосудың негізгі тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі жандарға теңқұқылы қоғам құру» болды. «Түркістан-пресс» ҰАА хабарлауынша тренингтер «Өзбекстан әуе жолдары» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен өткен. Оған Жапонияның халықаралық серіктестік агенттігі (JICA) қолдау білдіріпті.
Аталған семинарларда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасаудың жолдары қарастырылды. Әуежай қызметкерлерінің алдында маңызды тапсырмалар қойылды. Солардың ең негізгісі тасымалдауды ұйымдастыру қызметі, медициналық қызмет және т.б. қызметкерлерге мүгедектер туралы альтернативті көзқарас қалыптастыру болды.
Алдағы уақытта мүгедек жандар әуекомпаниялардың қызметтерін толығымен, әрі ыңғайлы түрде пайдалана алады.