Моңғолиядан депортацияланған 800 қытай: Бейжің оларды қалай қарсы алды?
|

Моңғолия қылмыскерлерді еліне қайтарды
29-30 қазанда Моңғолияның бірлескен үш басқармасы (Бас барлау басқармасы, Бас полиция басқармасы және Шетел азаматтары ісі бойынша басқарма) арнайы тексеру жүргізу барысында 783 қытай азаматының Моңғолияға көрсетілген жұмыс бойынша емес, өзге мақсатта келгендігі анықтаған болатын. Бұл айында politic.bugin.kz ақпарат көзі хабар таратты.
"Шетел азаматтарының құқық негізі" заңының 37.1.7 бабына сәйкес заң бұзған Қытай азаматтары Моңғолияға үш жылсыз кіре алмайды. Олар туристтік визамен кіріп, жұмыс істеп, Моңғолияда қалуды көздеген. Осыған байланысты заң бұзған Қытай азаматтары өз елдеріне депортацияланды. 2 қараша күні Моңғолия арнайы пойызбен 800 жуық қытай азаматын халықаралық талаптарға сай өз елдеріне депортациялады.
Қытай тарапы да халықаралық заңдық негіз бойынша қылмыскерлерді қабылдап алды. Қытай тарапы заң бұзғандарды арнайы қауіпті қылмыскерлерді тасымалдау жүйесіне сай қабыл алған. Ал жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталмыш процестің фотосуреттерін жариялады.




