KAZINFORM – Моңғолияда барлығы 7,1 млн мал қырылып, 5,6 млн малдың өлексесі жойылып, көмілген. Бұл туралы kaz.inform.kz ақпарат көзң елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі бас басқармасына слтеме жасай отырып хабарлады.
«Ақ және темір жұт (қысқы тақыршылық) кезінде қырылған ірілі-ұсақты мал өлекселерін жою және көму бойынша 15 сәуірде басталған жұмыстарға зоонозды жұқпаны зерттеу орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ, Моңғолияда малдың қырылуының ең жоғары көрсеткіші тіркелген аймақтардағы көшпелі малшылардың өздері тартылды», - деп келтірді Синьхуа ақпарат агенттігі Моңғолия төтенше жағдайлар ведомствосының ресми мәлімдемесін.
Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың соңына қарай елдегі малдың жалпы саны 64,7 млн басты құрады.