Моңғолия биыл қыста 10 млн бас малды азық-түлікке пайдаланады
|
Моңғолияда 2025 жылға арналған бюджет туралы заңның екінші талқылауында депутаттар азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мал мен еттің қоры мен экспорты туралы есебін тыңдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде MiddleAsianNews ақпарат көзіне жөн сілтеген centralasia.media дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәліметке сәйкес 2024 жылдың алғашқы жартысында аталған ел аумағында 66 872 000 мал басы болған екен. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығының зерттеу нәтижесі бойынша Моңғолиядағы жайылым аумағы 25-30 млн малы басына кеңейген. Моңғол билігі осы жылдың қыс мерзімінде азық-түлік үшін 10,0 млн. мал басын, ал шаруашылық және экономикалық айналым үшін 6,0 млн. мал басын пайдалануды ұйғарып отыр.