Моңғолия араб елдерін халал қой етімен қамтамасыз етеді
|
Моңғолия араб әлеміне шариғат талаптарына сай сойылған қой етін экспорттай бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Буряад унэн» мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Моңғолия Кувейтке халал стандартына сәйкес келетін ет өнімдерінің алғашқы легін жөнелткен. Моңғолия бұрын да аталған араб еліне халал ет өнімдерін экспорттаған еді. Рас, ол кезде мұздатылған күйінде жөнелтетін. Моңғол компаниялары енді апта сайын Кувейтке 100 тоннаға дейін қой етін экспорттайтын болады. Шетелді халал мал етімен қамтамасыз ету бағдарламасы Моңғолия президенті Ұқнағин Құрылсықтың «Азық-түлік революциясы» атты бастамасы аясында қолға алынған еді. Мұндағы мақсат елдің экспорттық әлеуетін арттырып, сыртқы сауда-саттықпен байланысты ынтымақтастықты ынталандыруға саяды.