Монахтар да атеистердің қырына ілікті
Монахтар да атеистердің қырына ілікті
6 жыл бұрын 4678 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстарды қытайландыру үшін коммунистік идеологияны желеу етіп, қуғын-сүргінге салуда. Экстремизмді сылтауратып, қазақ және ұйғыр мұсылмандарына қарсы жүйелі түрде түрлі шараларды жүзеге асырғанын хабарлап келген едік. Бұл жолы Тибет монахтарына ауыз салып, азу батырып отыр. Нақтырақ айтқанда, Тибет автономды (дербес) ауданының будда жетекшілері мен жергілікті мемлекеттік қызметкерлер арнайы семинардан өтуде. Әрине, өз еріктерімен емес. Мәжбүрлеумен. Семинарда Қытайдың аймақтардағы саясаты, этникалық және діни түйткілдер тарқатылады. Бұл жайында The Washington Post ақпарат көзі хабар таратты. Аталған аймақтан 35 мемлекеттік қызметкер елдің шығысында орын тепкен Сучжоу қаласында, ал монахтар Лхас аймағында "коммунистік тәрбиеден" өтті. Оларға нақты азаматтық ұстанымның қандай болатыны турасында дәріс өткен. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Тибет халқының рухани көсемі саналатын Далай-Лама 1959 жылдан бастап, коммунистердің қысымынан бас сауғалап, Үндістанға қоныс аударған. Қытай билігі оны тибеттік сепаратистерге дем беруші ретінде таниды. 

0 пікір
Мұрағат