Минскіде мектеп оқушысы ыммен көңіл-күйді білдіре алатын робот жасап шығарды
Минскіде мектеп оқушысы ыммен көңіл-күйді білдіре алатын робот жасап шығарды
10 жыл бұрын 4215 inform.kz

Минскіде мектеп оқушысы, «Беларусь  100 идеясы – 2014» байқауының «Робот техникасы» аталымының жеңімпазы Александр Дубовоцкий ыммен, ишарамен көңіл-күйді білдіре алатын, баланың күтушісі болуға жарайтын робот жасап шығарды.

Бұл туралы БЕЛТА тілшісіне байқау үйлестірушісі Алеся Винник мәлімдеді.

Алеся Винниктің айтуынша, робот айналасында болып жатқан оқиғаларға  ден қойып, жымия, тіпті қайғыра да алады. Дауыс үндестігін ажыратып, сөйлейді. 3D форматында мультфильмдер көрсетіп, балалармен бірге ойнап, оларға сабақ оқыта алады.

Сондай-ақ, үй-жайда газ, түтін шықса, сканерлеп, жедел түрде тиісті қызметке хабарлай  алады.

Алғаш рет робот кеше, 25 қыркүйекте Жоғары технологиялар паркі, ПВТ бизнес-инкубаторында Smart TV үшін үздік қосымша әзірлеу жөніндегі LG Electronics және БРСМ LG Apps Contest Belarus компаниясының бірлескен байқауының таныстырылымы уақытында көрсетілді.

 

Жұмыстан босамаған Сидней тұрғыны iPhone 6s телефонына кезекке тұру үшін роботты жіберген

Австралиялық Люси Келли iPhone 6s телефонын алғашқылардың бірі болып сатып алу үшін Сиднейдегі App Store-ға роботты жіберді. «Темір сатып алушы» 24 қыркүйек күні таңертең ерте дүкенге келген.

Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Келли смартфонның жаңа моделін алғашқылардың бірі болып сатып алғысы келетінін, алайда жұмысбастылығынан 2 күн бойы кезекте тұра алмайтындығын айтады.

Ол жұмыс істейтін Atomic 212 компаниясының басшысы оған өзінің орнына өз компаниялары әзірлеген роботты жіберуге кеңес береді. Құлтемір iPad планшетіне ұқсас келеді. Келли оны арнайы қосымша арқылы басқарып, тіпті қасындағы адамдармен камера және микрофон арқылы тілдесе алады.

Жоспар бойынша робот кезекте 24 қыркүйектен 25-іне қараған түні тұрып шығады да, Келлидің басқаруымен дүкенге кіріп жаңа телефонды сатып алады.

Кезекте тұрғандар мен өтіп бара жатқан адамдар жаңа сатып алушыны жылы қабылдаған. Олар онымен сөйлесіп, селфи жасаған.

Австралияда iPhone 6s 25 қыркүйектен бастап сатылады. Сондай-ақ смартфонның жаңа моделіне алғашқы болып Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Канада, Қытай, Жаңа Зеландия, Пуэрто-Рико, Сингапур, Франция, Жапония және АҚШ тұрғындары қол жеткізе алады.

0 пікір
Мұрағат