Миллионерлер (доллармен) эмиграциясы бойынша Қытай мен Ресей алдыңғы орынға шықты
Миллионерлер (доллармен) эмиграциясы бойынша Қытай мен Ресей алдыңғы орынға шықты
2 жыл бұрын 962 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Миллионерлер эмиграциясы ел экономикасына ауыр соққы, дәлірегі, капиталдың жылыстауы бойынша Қытай мен Ресей көш бастаған. Бұл жайында islam.kz порталы henleyglobal.com дерек көзіне, дәлірегі, капитал миграциясына мамандандырылған британиялық Henley & Partners консалтингтік компанияның бұл бағыттағы арнайы зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы (2022 ж.) Ресейден Украинаға басқыншылығы үшін салынған санкцияға байланысты 8500 миллионер (дәулеті доллармен есептеледі) кеткен. Аталмыш компания биыл, яғни, 2023 жылы Ресей Федерациясынан тағы 3 мыңдай миллионердің бизнесін шетелге ауыстыратынын болжап отыр. Десе де бұл тарапта Қытай бірінші орында тұр – өткен жылы аталған елден 10800 миллионер кеткен, ал биыл бұл көрсеткіш 13500 миллионерге жетуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, бұл тенденция Қытай экономикасының өсу қарқынын сөзсіз тежейді. Үндістанда шетелге қоныс аударған миллионерлерге қарағанда пайда болып жатқан миллионерлер қарасы көп. Ауқатты азаматтарынан айырылған алғашқы 10 елдің қатарына Батыс Еуропадан бір ғана мемлекет кірді – Ұлыбритания. 2022 жылы елден 1600 миллионер кетсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 3200 миллионерге жетуі мүмкін. Эмигрант миллионерлер үшін ең тартымды елдер Австралия (2022 жылы +3800 және 2023 жылы +5200), Біріккен Араб Әмірліктері (+5200 және +4500), Сингапур (+2900 және +3200).

0 пікір
Мұрағат