Миллиардтаған адам аптап ыстықтан зардап шегеді
Миллиардтаған адам аптап ыстықтан зардап шегеді
1 жыл бұрын 915 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Егер ғаламдық ауа температурасы Целсия бойынша бір градусқа көтерілетін болса млрд-таған адам аптап ыстықтан зардап шекпек. Дәлірегі, организмнің табиғи жолмен салқындау деңгейінен асады. Яғни, планетаның өнеркәсіптік төңкеріске, яғни, индустриялық кезеңге дейінгі деңгейден Целсия бойынша 1,5 градусқа көтерілуі денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымар жаһандық жылынуға себеп болып отырған көмірқышқыл газының атмосфераға бөлінудің бүгінгі деңгейін төмендету шаралары қолға алынбаса, 2100 жылға қарай ауа температурасы Целсия бойынша 3 градусқа көтерілетінін, сондықтан адамның темперутары мен ылғалдылық деңгейінің адамның бейімделу қабілетінен асып түсетінін алға тартып отыр. Ылғал неғұрлым жоғары болған сайын адамның терлеу арқылы салқындау қабілетін көп шектейтін болады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, егер жаһандық температура өнеркәсіпке дейінгі деңгейден Целсия бойынша екі градусқа көтерілсе, Пәкістан мен Үндістанның Инд алқабында шамамен 2,2 миллион адам, Қытайдың шығысында бір миллиардқа тарта адам және Сахараның оңтүстігіндегі 800 миллион африкалық тұрғын жыл сайын аптап ыстықтан зардап шегеді. Егер үш градусқа көтерілсе, төтенше температура АҚШ, Оңтүстік Америка және Австралия тұрғындарына кері әсерін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат