|
Миллиардер мұсылман 10% акциясын өз компаниясының қызметкерлеріне тарту етті
|
Йогурт өндірумен айналысатын компания директоры, дәулеті 5 млрд долларға бағаланған америкалық миллиардер өз компаниясының қызметкерлеріне акциясының 10%-ын берді. Оның компаниясында екі мыңға жуық адам жұмыс істейтінін ескерсек, әр қызметкерге шамамен 150 мың доллардан тиеді екен. Тегі күрд Хамди Улукайа йогурт өндіретін «Chobani» компаниясының іргетасын өзі қалаған.