Микротолқынды қару сынақтан сәтті өтті (видео)
|
Америкалық RTX компаниясы микротолқынды қаруды сынақтан өткізді. Сынақтардың бір бөлігі ретінде CHIMERA зеңбірегі әуе нысандарын қадағалады. Бұл жайында islam.kz порталы Defense One ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үш аптаға созылған сынақтар барысында CHIMERA түрлі әуе нысандарын қадағалап, оларды қуатты сәулемен «атқылай алған». Бұл бағыттағы сынақтар аталмыш қарудың «тактикалық маңызды қашықтықтағы» нысанаға шабуыл жасау қабілетін көрсеткен. Америка құрама штаттарының әскерилері табаны күректей он жылдан астам уақыт бойы ұшқышсыз ұшақтарды жоюға бағытталған энергетикалық технологиялармен тәжірибе жүргізіп келеді, өйткені, олар қазір дрондарды қағып түсіру үшін қымбат қаруларды пайдалануға мәжбүр. Соңғы айларда Қызыл теңізде АҚШ әскери-теңіз күштері құны екі мың доллар тұратын дрондармен күресу үшін құны бірнеше миллиондаған Standard Missile 2 зениттік зымырандарын қолданған.