Мигранттар туралы деректердің жаңсақ екені анықталды
Мигранттар туралы деректердің жаңсақ екені анықталды
3 ай бұрын 1046 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Орыс және еуропалық ұлтшылдар кедей елдерден келген мұсылмандар Еуропаның гүлденген аймақтарына жаппай ағылып қоныстануда, деп әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында дабыл қағып, аттандап жатады. Алайда, Pew Research (әлеуметтік тенденциялар мен қоғамдық пікірлерді, сондай-ақ, демографиялық ахуалды зерттейтін орталық. Америка құрама штаттарында орналасқан – ред.) жүргізген зерттеу нәтижесі мұсылмандарды жеккөрініште ететін бұл пікірдің қаншалықты қате екенін көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews және өз кезегінде The Roys Report ақпарат көзіне жөн сілтеген христиандардың inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесіне сәйкес мұсылмандар жер бетіндегі барлық мигранттардың 29 пайызынан аспайды, бұл көрсеткіш дүниежүзіндегі мұсылмандардың жалпы үлесінен сәл ғана артық, яғни, 25 пайыз. Мұсылмандар мен мұсылман еместер арасында ең танымал көші-қон бағыты – Сауд Арабиясы (Сауд Арабиясы мұсылман мигранттардың 13%-ы (10,8 миллион адам) қоныс аударған мемлекет), екінші орында Біріккен Араб Әмірліктері, ал үшінші орында Түркия. Дәл осы елдерге мұсылман мигранттарының басым көпшілігі қоныс аударады. Мысалы, сириялықтар мен палестиналықтар негізінен Түркия, Иордания және Ливанға, ал пәкістандықтар, ауғандар, үнділер мен бангладештер Парсы шығанағы елдеріне ағылады. Көші-қонның негізгі себептеріне қарулы қақтығыстар мен экономикалық тұрақсыздық жатады. Соңғы 30 жылда Үндістан мен Пәкістаннан кеткен мигранттардың саны үш есеге, Сириядан 13 есеге артқан, ал ауған босқындарының саны, керісінше, 25 пайызға азайған. 2020 жылы жиналған мәліметтерге сәйкес христиандар әлем халқының шамамен 30%-н құраса, жаһандық мигранттардың 47%-ы христиандар (яғни, ғаламдағы мигранттардың жартысына жуығы).

0 пікір
Мұрағат