Мичиган штатында полиция араб жазуы бар жапсырмалар тағады
Мичиган штатында полиция араб жазуы бар жапсырмалар тағады
3 ай бұрын 1061 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мичиган штатындағы Дирборн-Хайтс қаласының полиция департаменті Америка құрама штатындағы алғашқы қызметтік белгілер мен араб жазуы бар жеңдегі жапсырмаларды жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Суретте жаңа дизайн ұсынылған, онда ағылшын тіліндегі «DEARBORN HEIGHTS POLICE» деген стандартты жазу араб тілінде қайталанған: «بريدون هلبتس شرطة». Мұндай қадам аталған өңірдің бірегей демографиялық контексінен хабар береді. Көршілес Дирборн қаласы АҚШ аумағындағыа араб тұрғындарының қарасы көп алғашқы қалаға және Солтүстік Америкадағы ислам өмірінің маңызды орталығына айналған, ал Дирборн Хайтстың көптеген тұрғындары да араб тілін меңгерген. Бұл ерекше бастама тәртіп сақшылары мен жергілікті қауым арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған. Ағылшын тілін жетік білмейтін иммигранттар мен қарттар ана тілінде полцияны тез танып, дер кезінде жәрдем ала алады.

0 пікір
Мұрағат