Мешітті қиратуға атсалысқан үнді радикалы тәубеге келіп, хақ жолға түсті
Мешітті қиратуға атсалысқан үнді радикалы тәубеге келіп, хақ жолға түсті
5 жыл бұрын 2163 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

1992 жылдың желтоқсан айының 6-ы күні Үндістанның Айдоһия қаласында кезінде Моғолдардың падишаһы Бабурдың пәрменімен тұрғызылған көне Бабри мешітін қиратуға атсалысқан, тіпті, үнді радикалдарына жетекшілік етіп, қолына балғасын алып, аталған көне мешіттің күмбезіне өрмелеп шығып, қиратқан Балбир Сингх 1993 жылдың маусым айында тәубесіне келіп, хақ жолға түскен болатын. Бұл жайында Al Bawaba ақпарат көзі хабар таратты. Осыдан бір айдай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жазғанымыздай «Мешіттерді қиратып, орнына пұтхана салып жатыр (видео)» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/meshitterdi-qiratyp-ornyna-puthana-salyp-jatyr-video-12705/#gsc.tab=0), 2019 жылдың қараша айының 9-ы күні аталған елдің жоғарғы сотының шешімімен қиратылған Бабри мешітінің орнына үнді пұтханасы тұрғызылатынын да айтып өткенбіз. «Мешітті қиратқан соң үйімізге қайттық. Бізді өзгелері қаһарман көріп қошеметпен қарсы алды. Алайда, отбасымның реакциясы жан дүниемді сілкіп өтті – олардың менен түңілген түрлерін көріп, масаттанған сезімімнен түк қалмады. Мен жамандыққа барғанымды түсініп, өз-өзімді қолға алдым»,- деп еске алды ол сол мұндай күндерін. Қазір оның есімі – Мұхаммед Әмір. Зайыбы да мұсылман. Ол Бабри мешітін қиратқанына атсалысқанына өкініп, өз қолымен 90 мешіт тұрғызды.

0 пікір
Мұрағат