Мешітті қатаң бақылауға алатын заң қабылданды
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті ел аумағындағы әр мештке қатысты федералды заңға қолын қойды. Аталған заң талаптарында қарастырылған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес тиісті лицензиясыз мешітте ас беруге беруге, азық қабылдауға, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға, садақа жинауға немесе оны көмек ретінде беруге, т.б. рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, аталмыш заңда мешітте жұмыс істегісі келетін адамның тек БАӘ азаматы болуы тиіс екендігі тайға таңба басқандай атап көрсетілген. Бұған қоса, мешітті жұмыс істейтін діни қызметкер қандай да бір саяси немесе сыбайластық сипаты бар топтарға, қылмыстық ұйымдарға мүше болмауы керек. Бұдан бөлек, мешіт қызметкеріне мешіт аумағынан тыс жерде діни уағыз айтуына, дәріс өткізуге, қасиетті Құраннан үзінділер келтіруге рұқсат етпейді. Тағы бір ескеретін тұсы: мешіт аумағында қайыр тілеуге, мешіт қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекетке қатаң тыйым салынған.