Мешітті галереяға айналдырып жатыр
Мешітті галереяға айналдырып жатыр
6 жыл бұрын 2748 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, билік басындағы үнді ұлтшылдары мен радикалдары ел аумағындағы азшылықты құрайтын мұсылмандарға қырын қарап, исламды еске түсіретін бірде-бір белгі қалдырмауға бел буғанын жазған болатынбыз. Тіпті, осы мақсатта исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, алайда, арабша сөздерді еске түсіретін жер-су атауларының өзін өзгертіп жатыр, ол ол ма, мешіттерді жауып, тарихи әрі мәдени ислами кесенелер мен кешендерді мұсылмандардан тартып алып жатыр. Алалабад секілді неше ғасырдан бері келе жатқан аса ірі қаланың атауын өзгерту, Тәж-Мәһал секілді сәулет өнерінің баға жетпес жәдігерлерді мұсылмандардың пайдалануына тыйым салуы қалыпты жағдайға айналған. Міне, бірнеше айдың жүзі болды, Кочи қаласындағы Мәсжид ул-Ислам мешітін жауып, оны галереяға айналдырған. Онда Кералының көп ұлтты халқының деректі фото-суреттері қойылған. Бұл жайында Times of India ақпарат көзі хабар таратты. Мұсылмандардың бұл құлшылық үйінің құрылысына мемлекет тарапынан немесе үнді радикалдары бір тиын да жұмсаған емес. Бұл ғибадат ғимаратын Мұхаммед Ашраф есімді мұсылман кісі өз қаржысына осыдан 4 жыл бұрын салған болатын. 

0 пікір
Мұрағат