Мешіттерді шетелден қаржыландыруға тыйым салатын заң жобасы мақұлданбады. Неге
Мешіттерді шетелден қаржыландыруға тыйым салатын заң жобасы мақұлданбады. Неге
6 жыл бұрын 3009 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швейцарияның жоғарғы палатасы, яғни, кантон кеңесі ел аумағындағы мұсылмандардың құлшылық үйлерін шетелден қаржыландыруға тыйым салатын заң жобасын мақұлдамады. Бірден айта кетейік, аталған ел аумағындағы шамамен 35 мешітті швейцария-түрік діни қоры қаржыландырады. Бұл ұсынысты Лига Тичино оңшыл партия атынан сайланған сенатор Лоренцо Квадри енгізген болатын. Күн тәртібіне. Жоғарғы палата елдегі мұсылмандар құқығына кепілдік бермей тұрып, қандай да бір шектеу енгізуді әділетсіздік деп санайды. Бұл ұсыныс Австриялық үлгі бойынша жасалған: мешіттерде айтылатын уағыздар швейцарияның мемлекеттік тілінде де жүргізілуі тиіс. Алайда, Швейцария - ұжымдық басқаруға негізделген мемлекет, жеті адамнан тұратын федералды үкімет бұл ұсыныстың кемсітушілік жағы басым екенін баса ескертті. австрия үлгісі жарамайтынын алға тартты. Сондай-ақ, Швейцарияның атқарушы билігі бірде- бір кантонның исламды ресми дін ретінде мойындамағанын, сол себепті, мұсылмандардың құқығын қамтамасыз етпей тұрып, олардың ар-ождан бостандығына қол сұғуға болмайтынын мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат