Мешітте өздерін қанжоса етіп сабауға тыйым салды
|
Ұлыбритания астанасы – Лондон мегаполисінің маңындағы шииттердің мешіт жамағатына азалы ритуал аясында өздерін темір іскекпен қанжоса етіп сабауға тыйым салды. Жыл сайын Тутингтегі Идара-Жаферия мешітінде шииттер имам Хұсейннің (Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) немересі) қазасына қайғырып, біз сөз еткен ритуалды орындауды дәстүрге айналдырған. Жергілікті билік өкілдері арнайы сот қаулысымен дінімізде құпталмайтын, ол ол ма, аманат етіп берілген денсаулыққа зиян келтірeті мұндай ритуалға тосқауыл қойды. «Жергілікті халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жөн көрдік. Халықтың денсаулығына төнген қатерді барынша азайту үшін»,- деп айтылған қалалық кеңестің хабарламасында. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Metro» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.