Мешіт, шіркеу, синагогты біріктіруді ұсынды
Мешіт, шіркеу, синагогты біріктіруді ұсынды
8 жыл бұрын 4512

Ресей Федерациясының Твер қаласының мұсылман жамағатының жетекшісі Тайыр Сайфутдинов аталған шаһар басшылығына толеранттылықты ту еткен өзгеше ұсыныс жасады. Оның айтуынша, ғибадат ғимаратын тұрғызып, оны мұсылмандармен қатар жергілікті христиандардың және иудейлердің игіліне беру керек, сондай-ақ, оның жанынан осы өңірде тұрып жатқан халықтар достығы мен келісімін паш ететін музей ашуды да ұсынды. Оның бұл ұсынысын Твер қаласы басшысының жанындағы сараптау кеңесі қарастырып жатыр. Бастаманың халықтар достығына тигізер пайдасы мол болғанымен оның жүзеге аса қоюы екітлай екені айтылмай қалмады. Өйткені, армян диаспорасының өкілдері ғибадат ғимаратындағы православ шіркеуіне католиктер, протестанттар бас сұқпайды, сонымен қатар, бұл елді-мекенде будда нанымының өкілдері де көптеп кездеседі. Ең бастысы, бұл жоба қайдан қаржыландырылуы тиіс? Әлемдік дағдарыс тұсында мемлекет есебінен қаржыландырылмайтыны айдын анық, ал халықтан жылудан қаржыландыру үшін алдымен наным-сенімі түрлі тұрығндарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жайында «tvernews.ru» ақпарат көзі хабар таратты. Сөз реті келгенде айта кету керек, осыған ұқсас «Барлық діндер ғибадат ғимараты» немесе «Әлемдік ғибадат ғимараты» (суреттегі – ред.) Татарстанда тұрғызылған.

0 пікір
Мұрағат