Мешіт мемлекетке қаржы бөлді. Не үшін?
Мешіт мемлекетке қаржы бөлді. Не үшін?
7 жыл бұрын 2773 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Огайо штатындағы мешіт мемлекет қарауындағы Цинциннати университетіне 1 млн доллар қаржы бөлді. Діни дәрісті тыңғылықты жүргізіп, исламофобиялық әлеуметтік дертпен ақпараттық тұрғыдан күресуі үшін. Үлкен Цинциннатидің ислам орталығының демеушілік көрсетуімен аталған жоғарғы оқу орнының штаттағы оқытушы профессорлары оқу бағдарламасына тиісті бағдарлама енгізеді, яғни, исламды танытатын бағдарлама. Қаржыны жергілікті мұсылмандар жетекшісі Инаят Мәлік пен оның зайыбы Ишрат бөлген. Бұл жайында Cincinnati.com ақпарат көзі хабар таратты. Инаят- уролог дәрігер, Пәкістан тумасы. Ол кезінде қала мешітінің қамқоршылар кеңесін басқарған. "Бұл тек жергілікті мұсылмандар қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен қатар, қоғам тыныштығы үшін де осындай қадамға бардық",- деді ол неліктен аталған мақсатта қаржы бөлгенін түсіндіре келе. 

0 пікір
Мұрағат