Mercuryo криптовалютаны мұсылман елінің банктеріне кіріктіреді
|
Mercuryo төлем платформасы Индонезияда фиатты ақшаны (фиатты ақша - алтынмен немесе басқа бағалы металдармен бекiтiлмеген (қамтамасыз етілмеген, кепілдендірілмеген), дайындалған немесе әзірлеу кезінде пайдаланылатын материалдың құнына қарамастан, номиналды (атаулы) құнын мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн ақша) криптовалютаға конверсиялауға (айырбастауға) шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш платформа индонезиялық рупиді BTC, ETH және USDT секілді электронды ақшаларды қоса алғанда цифрлы токендердің 40 түрін айырбастауға мүмкіндік береді. Төлем платформасы Bank Rakyat Indonesia (BRI) және PT Bank Negara Indonesia (BNI) компаниясымен интеграциялайтынын жариялады. Бұл шешім индонезиялық QR Code Standard (QRIS), қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне және Индонезиядағы E-әмиян провайдері Ovo-ге де қатысты болмақ. Бұл интеграция индонезиялықтарға өздерінің фиат ақшаларын криптовалютаға айналдыруға мүмкіндік береді. Mercuryo өкілдері жергілікті тұрғындардың енді индонезиялық рупиді (IDR) сандық жетондардың 40 түріне алмастыра алатынын, соның ішінде Bitcoin (BTC), Ether (ETH), және Tether (USDT) токендерімен айырбастай алатынын мәлімдеді. Бұдан басқа, криптовалютаны сатып алғысы келетін BRI және BNI пайдаланушылары төлем идентификаторын және тиісті банктер арқылы сатып алуды қалай жүргізу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқау алады. Сондай-ақ, индонезиялық қолданушылар криптовалютаны QRIS жүйесін пайдалана отырып сатып ала алады. Компания төлемнің қолданыстағы әдістерін пайдалана отырып, жылдам төлем процесін жеңілдете отырып, әрбір транзакция үшін бірегей QR кодын әзірлейді. Сонымен қатар, Cryptocurrency-ді Ovo арқылы сатып алғысы келетін пайдаланушыларға fiat валютасын пайдалана отырып, мәмілені қалай аяқтау керектігі туралы нұсқаулары бар электрондық әмиян провайдерінен push-хабарлама беріледі. Бұған қоса, Mercuryo-ның мұндай қызметі кәсіпорындарға да көрсетіледі. Криптовалюта Индонезияға қаржы секторын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Mercuryo платформасы өкілдерінің айтуынша, Индонезия Азия нарығының қақпасы іспетті. Сол үшін криптовалюатаның қолданыс аясын кеңейту үшін алдымен осы елдің нарығын таңдап отырғандарын жеткізді. Ең бастысы, банк қызметіне немесе әдеттегі төлем жүйесіне қол жеткізе алмайтын тұрғындарға аталмыш платформаның көп көмегі тиетін болды. Фиатты ақшаны криптовалютаға алмастыру қызметі өз кезегінде цифрлы активтер мен әдеттегі қаржы жүйесі арасында дәнекер рөлін атқаратын көпір ретінде алға шығады.*