Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты сот БАҚ арқылы халыққа көрсетіледі
Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты сот БАҚ арқылы халыққа көрсетіледі
3 жыл бұрын 1745 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда «Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің ашықтығымен және мөлдірлігімен, қоғамдық бақылауды жетілдірумен байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қоғам талқысына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба бойынша Өзбекстан республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексіне, Азаматтық процессуалдық кодексіне, Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске, сондай-ақ, кәсіпкерлік субьектілеріне мемлекеттік бақылау орнату туралы, мемлекеттік сатып алу туралы, аңшылық туралы заңдарына өзгертулер енгізуді ұйғарады. Аталған заң жобасының елең еткізген бір тұсы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтау, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот отырыстарын тараптардың келісімі бойынша және осы Кодекстің баптарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында трансляциялау. Бұл ереже өз кезегінде мемлекет қызметкерінің кәсіби қызметімен байланысты қылмыстарға, сондай-ақ, отбасылық кейбір дау-дамай бойынша азаматтық істерге қатысты қолданылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат