Мемлекеттік қызметкерлерге жұма намазын оқуға тыйым салды
Мемлекеттік қызметкерлерге жұма намазын оқуға тыйым салды
10 жыл бұрын 4475

Тәжікстан Республикасының билігі мемлекеттік қызметкерлеріне ел аумағындағы мешіттерде жұма намазын жамағатпен оқуға тыйым салды. Бұл жайында «Азия-Плюс» ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш тыйымға сәйкес елдің барлық шенеунігі жұма намазы оқылатын уақытта жұмыс орнынан табылуы тиіс. «Құрбан айттан кейін екі апта өткен соң басшылық жұма намазы уақыты кезінде жұмыс орнымызда болуымызды талап етті»,- деді аты-жөнін жасырған мемқызметкерлердің бірі. Аталмыш ақпарат көзінің хабарына қарағанда, бұл ақпаратты Тәжікстан Республикасы үкіметінің жанындағы дін істері және салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты реттеу жөніндегі комитет те растаған. Айта кетейік, аталмыш комитеттің қызметкерлері «Балаларды тәрбиелеуге жауапты ата-аналардың жауапкершілігі туралы» заң талаптарының бұзылмауын басшылыққа алып, жасы 18-ге толмаған балалардың жұма намазында болмауын қадағалайды.

0 пікір
Мұрағат