Мемлекеттік құжаттарда мұсылманша «Иса әл-Масих» есімі «Иса Христосқа» ауыстырылады
Мемлекеттік құжаттарда мұсылманша «Иса әл-Масих» есімі «Иса Христосқа» ауыстырылады
1 жыл бұрын 1312 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Индонезия билігі ресми құжаттарда «Иса әл-Мәсіх» есімін қолданудан бас тартып, «Иса Христос» деп өзгертетін болды. Yesus Kristus есімі бұдан былай христиандар қастер тұтатын Рождество, Қасиетті Жұма және Көкке көтерілу айтулы және атаулы күндері күнтізбедегі мемлекеттік мерекелер туралы ақпараттарда осы есім қолданылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде UCANews ақпарат көзіне жөн сілтеген  христиандардың inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Fides дерек көзінің жазуынша, қасиетті Құранда ата аталған ұлы пайғамбарлардың бірі – Иса есімінің христиандардың қолайына қарай қолданылуына қатысты өтінішті осы елдегі христиандар шіркеуі Индонезияның дін істері жөніндегі министрлігіне білдірген екен. Бұл жаңалықты жергілікті христиандар қуана қарсы алғанымен кейбіреулер бұдан еш мән көріп тұрмағанын жеткізген. Өйткені, Иса әл-Мәсіхтің Иссус Христос екенін бәрі біледі. Бір қызығы, бұл елдегі христиандар құдай туралы сөз қозғағанда «Алла» араб сөзін қолдануды әдетке айналдырған. Ал көрші Малайзияда 2008 жылы «Алла» сөзін христиандарға қолдануға ресми түрде тыйым салынған. Малайлық христиандар бұл шешімге келіспей шағым түсірген болатын. Тек 2021 жылы Малайзияның жоғарғы соты аталмыш тыйымның конституцияға қайша келетінін мойындаған болатын.

0 пікір
Мұрағат