|
Мемлекет қазынасынан жастардың болашағына емес, қарттар қамына қаржы көп бөлінеді
|
Оңтүстік Кореяда 65 және одан жоғары жастағы қарттарға мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат 19-34 аралығындағы жастарға қарағанда төрт есе көп болып шықты. Бұл – ұлт келешегіне қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Болашақ өкілдері саналатын жастар мен аға буын арасындағы мұндай айырмашылық әлеуметтік теңсіздік тудырып, онсыз да демографиялық ахуалы кері кеткен елді артқа сүйрейтін факторға айналуы ықтимал. Қарттарға артықшылық беретін саясат түбінде жастардың маригиналдануына (қоғамның жатсынуы) ықпал етеді. Қарттардың ықпалы бұл тарапта қауіпті құбылысқа айналмақ. Таңғы шық елінің денсаулық сақтау және әлеуметтік істер институтының таяудағы мәліметі бойынша 65 және одан жоғары жастағы адамдар үшін мемлекеттік бюджет өткен жылы 115,8 триллион корей вонына жетті. Бұл төрт негізгі мемлекеттік зейнетақыға (ұлттық зейнетақы, мемлекеттік қызметшілердің зейнетақысы, жеке мектеп мұғалімдерінің зейнетақысы, әскери зейнетақы), базалық зейнетақыға, қарттарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасына және қарттарға ұзақ мерзімді күтім жасауды сақтандыруға арналған шығыстарды қамтиды. Салыстыру үшін айтсақ, 19-34 жас аралығындағы жастар үшін жұмыспен қамту, тұрғын үй және әлеуметтік қамсыздандыруды қамтитын бюджет өткен жылы 28,2 триллион корей вонын құрады. Соңғы төрт жылда аға ұрпақтың бюджеті жыл сайын орта есеппен 10,1% -ға өсті, ал жастардың бюджеті небәрі 4,3% -ға ұлғайды. Өткен жылы 65 және одан жоғары жастағы адамдарға арналған бюджет 11 014 000 корей вонын құрады, бұл көрсеткіш 19-34 жастағы жастарға бөлінетін 2 751 000 корей вон мөлшерінен төрт есе артық. Сынаушылар ұрпақтар арасындағы «сайлау күшіндегі» (электорат) теңсіздікті бюджеттік алшақтық пен айырмашылықтың негізгі факторы ретінде көрсетеді. 2024 жылғы жалпы сайлау кезінде 20-30 жастағы сайлаушылар 12 679 013 адамды құрады, бұл көрсеткіш 2000 жылғы 16-шы сайлаумен салыстырғанда 26,3% -ға аз. Осы аралықта 60 және одан жоғары жастағы сайлаушылар саны үш есеге жуық артып, 14 127 555-ке жетті. Мұндай құрылым сайлаушыларды тартуы мүмкін саяси топтардың аға ұрпаққа бағдарланған міндеттердің басым болуына алып келді. Қарт сайлаушыларға бағытталған өкілді саясат - 65 және одан жоғары жастағы табыстың төменгі 70% алатын базалық зейнетақы. Базалық зейнетақы бюджеті өткен жылы 26,1 триллион корей вонын құрады, бұл жүйе енгізілген 2014 жылы бөлінген 6,9 триллион корей вонынан 3,8 есе артық. Истешблемент (билік) саяси шешім қабылдау кезінде жастарды одан ары маригиналдандыратын ағаттыққа жол береді. Деректер және статистика министрлігінің болжамы бойынша биыл 21,6% құрайтын 65 және одан жоғары жастағы халық саны 2050 жылға қарай 40% -дан асады. Ал 20-30 жастағылар қарасы биыл 25%-ға, ал 2050 жылға қарай 15,6% -ға дейін төмендейді.
Ұқсас материалдар:
Күтімге кететін шығын кедейлікті арттырады
Бір елдің өзінде күтімді қажет ететін қарттар қарасы 1 млн адамнан асқан