Мемлекет басшысына тіл тигізу құдайға қарсы шығумен бірдей ме?
Мемлекет басшысына тіл тигізу құдайға қарсы шығумен бірдей ме?
8 жыл бұрын 4771 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр парламентінде билік институтының беделін көтеру мақсатында арнайы заң жобасы әзірленді. Нақтырақ айтқанда, парламенттің қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік комиссиясының жетекшісі Кәміл Амар осындай бастама көтеріп отыр. Ол ұсынған аталмыш заң бойынша ел президентіне және өзге де билік өкілдеріне, соның ішінде, сот жүйесіне, әскерге, тәртіп сақшыларына, яғни, полицияға тіл тигізу құдайға тіл тигізумен бірдей қылмыс қатарына жатқызылмақ. Егер осындай қылмысқа барғандар болса, оларды жауапқа тартып, жазалау шаралары қолға алынады: ірі мөлшерде айыппұл салынып, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Аталған заң жобасын сызғандардың айтуынша, билік өкілдеріне негізсіз жала жауып, сол арқылы ел арасында бүлік тудыруды көздейтіндерді осындай қатаң шаралармен ғана тоқтатуға болатын көрінеді.

0 пікір
Мұрағат