Мемлекет басшысы нәпіл намаз оқып жүр (фото)
Мемлекет басшысы нәпіл намаз оқып жүр (фото)
6 жыл бұрын 5150 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан премьер-министрі Имран Ханның төңірегіндегілер оның ел астанасы – Исламабад қаласындағы Хан резиденциясы аумағындағы бой көтергеніне көп уақыт өте қоймаған жаңа мешітте алғашқы жұма намазын жамағатпен, дәлірегі, мемлекеттік жоғары лауазымды қызметкерлермен әрі қауіпсіздік қызметкерлерімен оқығанын таспаға тартып алыпты. Бірден айта кету керек, резиденция аумағындағы тұрғызылып біткеніне бар-жоғы екі ай уақыт өткен жаңа мешітті салуға осы ел премьері тікелей пәрмен берген болатын. Имран Ханның зайыбы Бүшрі Бибінің айтуынша, жұбайы бес уақыт намазын қаза қылмауға тырысады әрі нәпіл намаз оқуға уақыт табады. Бұл жайында Arynews.tv ақпарат көзі хабар таратты. Бұдан бөлек, ол үйінен жұмысқа аттанар алдында Алладан медет тілеп, дұға етуді әдетке айналдырып қоймай, сонымен қатар, тәспі тарпай жастыққа бас қоймайтын көрінеді.

ÐÑемÑеÑ-миниÑÑÑ ÐакиÑÑана

0 пікір
Мұрағат