Мектеп оқушыларына жұма намазына қатысуына рұқсат етілді
Мектеп оқушыларына жұма намазына қатысуына рұқсат етілді
2 жыл бұрын 1455 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ингушетияның Малгөбек қаласының басшысының жалпы білім беретін мектептердің директорларымен, дін негіздері пәнінің мұғалімдерімен, қаладағы мешіттердің бірінің имамымен және аудандық білім бөлімінің өкілдерімен кездесуінде осы мұсылман отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларының жұма намазына қатысуына қатысты мәселе көтерілді. Бұл жайында islam.kz порталы «Ингушетия» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылман дін өкілдері мемлекеттік қызметкерлермен кездесуде намаздың кәмелетке толған әрбір мұсылманға парыз екенін, сондықтан оған жоғары сынып оқушыларының да қатысуы міндетті екенін, алайда, жасөспірімдердің сабаққа байланысты бұл парызын өтей алмай жүргендігін түсіндірді. Малгөбек қаласы әкімдігінде өткен жиынның нәтижесінде осы мәселе бойынша бірнеше ұсыныстар қабылданды: жұма күні мешітке баратын оқушылар туралы ата-аналардан анықтама алу, әрбір орта мектепте барғысы келетін оқушылардың тізімін жасау. Жұма күні мешітке жамағатпен оқылатын намазға баратын ұстаздарға тізім бойынша оқушыларды мешітке ертіп баруды, жұма күні сағат 12:00-де жұма намазына баратын тізімге енгізілген оқушыларды сабақтан босатуды ұсыну.

0 пікір
Мұрағат