Мектеп оқушылары наразылық акциясына қатысуы үшін сабақтан босатылады
Мектеп оқушылары наразылық акциясына қатысуы үшін сабақтан босатылады
5 жыл бұрын 1841 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Елдегі наразылық акциясына қатысуы үшін АҚШ-тың Вирджиния штатындағы округтердің бірінде мектеп оқушыларын сабақтан босату мүмкіндігі енгізіледі. Бұл жайында regnum.ru порталы The Washington Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Мұндай бастама Вирджиния штатының солтүстігінде орын тепкен Фэрфакс округінде қолдау тапқан. Аталмыш округта 188 мыңға тарта мектеп оқушысы бар, алайда, жаңа ереже орта және жоғары сынып оқушыларына ғана қатысты. Дәлірегі, 12-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына ғана наразылық акцияларына қатысуға рұқсат етіледі. Аталмыш бастаманы көтергендердің уәжіне қарағанда, әрбір оқушы «азаматтық белсенділігін танытуға» құқылы. Мектеп әкімшілігінің олардың наразылық акциясына қатысуға кедергі келтіруге құзыреті жоқ. Яғни, мектеп әкімшілігінен рұқсат алып жатудың қажеті болмайды. Наразылық акциясына қатысқысы келетін мектеп оқушысы сабаққа қатыспау себебін білдіретін арнайы бланкті толтырса және ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатын алса,  жетіп жатыр. Мұндай бастамаға не үшін рұқсат беріліп отыр дегенге келсек, кейінгі кезде мектеп оқушылары арасында наразылық күшейіп келеді. Тіпті, кейбірі климаттың өзгеруіне қарсы азаматтық позициясын білдіру үшін сабақтан қашып кеткен кездері де тіркелген.

0 пікір
Мұрағат