Меккеде нақты уақыт аралығында қала туралы ақпарат алуға арналған «ақылды» карта іске қосылады
Меккеде нақты уақыт аралығында қала туралы ақпарат алуға арналған «ақылды» карта іске қосылады
4 ай бұрын 920 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл бастама бағытыңды айқындауға көмектеседі, яғни, жөн сілтейді әрі қасиетті қаланың цифрлы трансформациясын тездетуге арналған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде саудиялық ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islamosfera сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мекке және киелі орындар жөніндегі королдік комиссия өздерінің ресми цифрлы платформасында гео-кеңістікті қамтитын картографияның интерактивті қызметін іске қосты. Жаңа сервис пайдаланушыға интерактивті картаны пайдалануды арқылы қала турасындағы барлық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Оның жұмысы әуеден таспаға тартылған фото-суреттер мен далалық зерттеулерге, тексерілген көздерге негізделген. Пайдаланушыға нақты әрі шынайы ақпарат береді әрі бірыңғай цифрлы жүйеге еш тосқауылсыз кіріктірілген. Осылайша қажылардың барар бағытын табуға көмектесетін бірегей жүйе іске қосылды.

0 пікір
Мұрағат