"Мекке мен Мәдина тек бір елдің - Сауд Арабиясының ғана меншігі емес"
|
Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адел әл-Жүбейір Катар билігінің исі мұсылманға қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына халықаралық бақылау орнату турасында ұсыныс білдіріп, жасаған мәлімдемесін сынға алды. Катар билігінің мәлімдеуінше, күллі мұсылман қастер тұтатын екі қала да барша мұсылманға ортақ ислам құндылықтары болып табылатындықтан оған тек Сауд Арабиясы ғана иелік етпеуі керек. Саудия билігі аталмыш екі қасиетті қаланы өзінің саяси мақсаты мен мүддесіне пайдаланбауы керек. Десе де Катар билігінің бұл мәлімдемесіне Саудия билігі шалқасынан түсініп, шала бүлініп жатыр: "Бұл мәлімдеме - ашық агрессия, соғыс жариялау. Қасиетті мекендерде интернационалдауға қатысты кез келген әрекетке жауап беру құқығымызды сақтап қаламыз",- деді Саудия сыртқы істер министрі "әл-Арабия" телеарнасына берген сұхбатында. Саудия СІМ басшысы Жүбейір осылай дей келе катарлық қажыларға қасиетті қаланың қақпасын жаппайтынын жеткізіді, алайда, мұсылмандар үшін орны бөлек екі қаланы саяси тақырыпқа айналдырмауға шақырды. Айта кетейік, мұндай ұсыныс бірінші рет айтылып отырған жоқ. Бұрын да, дәлірегі, 2015 жылы Иранның жоғарғы көсемі, аятолла Хоменей аталған екі қалаға халықаралық бақылау орнату турасында мәлімдеген еді.