Мекке-Мәдинаны жоғары жылдамдықты пойызы жалғайды
Мекке-Мәдинаны жоғары жылдамдықты пойызы жалғайды
8 жыл бұрын 2783 ummet.kz

«Әл-Харамейн» жоғары жылдамдықты темір жол жобасында елдімекен үстінен өткенде пойыздың шуылын азайтатын технология іске қосылады. Бұл жайында Saudi Gazette хабарлады.

Алайда, шулы дыбыстарды басуға қандай технология қолданылатыны әзірге жария етілмеді.

«Әл-Харамейн» – қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларын жалғайтын жоғары жылдамдықты темір жолы.  Осы аралықта 5 теміржол стансасы: Мекке мен Мәдинадағы екі соңғы аялдама, жол бойында Рабиг провинциясында, Джидда қаласында және Абдел Азиз король атындағы халықаралық әуежайда станса бар.

Аталмыш жоба қажылардың қасиетті қалаларға еркін қатынауына, жол уақытын екі есеге тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. Пойыздарда әртүрлі кластағы вагондар, сондай-ақ интернет қамтамасыз етіледі.

Алғашқы пойыз 2018 жылы іске қосылады.

0 пікір
Мұрағат