|
Мазарлар сақтандырылады
|
Литваның сақтандыру компаниялары мазарды сақтандыратынын жариялады. Мұндай қызмет түрі аталған елде бұрыннан бар, алайда, соңғы уақытта аталмыш қызметке сұраныс күр артып келеді. Бұл жайында regnum.ru ақпарат көзі хабар таратты. Себебі, кейінгі кезде ел аумағындағы мазарлар мен бейіттердегі құлпытастар мен вазалар, қоршаулар, басқа да зират заттары қолды болып жатыр. Бұл турасында литвалық сақтандыру компаниялары бірінің өкілі Айварас Туменас мәлім етті. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін күллі Литва бойынша шамамен 1,5 мың адам мазарды сақтандырып үлгерген. Егер олардың сақтандырылған бейіттеріне қандай да бір зақым келсе, төленетін өтемақы орташа есеппен алғанда 700 еуроны құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Азия-Тынық мұхиты аймағының биоэнергетикасы 2035 жылға қарай әлемдік қуаттың 55% -ын қамтамасыз етеді
■
Әлемдегі ірілігі жағынан екінші орындағы жылдам дайындалатын кеспе нарығы мұсылман елінде
■
Христиандар отбасы құндылығына “ауыр” соққы берілгеніне алаңдап отыр
■
Қазақстандықтарға QR-кодты 1 минуттан артық көрсетуге тыйым салынды
■
Тағам ішіндегі жеуге жарамды микролазерлер тамақ өнеркәсібін түбегейлі өзгертуге қабілетті