Мәскеудегі Перу елшісі өзінің исламды қабылдағанын жариялады
Мәскеудегі Перу елшісі өзінің исламды қабылдағанын жариялады
8 жыл бұрын 3915 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясындағы Перу елшісінің көмекшісі Хорхе Лазо дүйім жұрттың көзінше өзінің исламды қабылдағанын жариялады. Бұл жағдай Марат Қабай бастаған халықаралық ислам бизнесі ұйымдастырған ауызашар кезінде, яғни, "Рамазан шатырында" орын алды. "Мен қасиетті Рамазан күндерінде жандарыңыздан табылғаныма қуаныштымын. Ендігі жерде менің есімім - Хамза, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ағасының құрметіне осы есімді таңдадым",- деді ол шатырға ауызашарда отырған меймандарға толқи тіл қатып. Ол Ресей аумағында тұрып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған, орыстан, яғни, православ әйелі бар. Ол осы уақытқа дейін католик сенімінде болғанын жасырмады. "Мен католик мектебін тауысқанмын. Менің сыныптастарым священник болды. Мен Жаратқанға тура жолға салғаны үшін шүкіршілік айтам",- деді ол.

0 пікір
Мұрағат