Марокконың қолөнер бұйымдарының экспорты жалпы экспорт бойынша екінші орынға шықты
Марокконың қолөнер бұйымдарының экспорты жалпы экспорт бойынша екінші орынға шықты
2 сағат бұрын 59 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокконың қолөнер бұйымдарының экспорты өткен жылы (2025) 11%-ға артып, ел қазынасына 1,23 млрд дирхам пайда әкелді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде қолөнер, әлеуметтік және ынтымақтастық экономикасы жөніндегі мемлекеттік хатшылық келтірген дерекке жөн сілтеген Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб еліндегі бұл сала шикізат көздеріне тәуелділігін ескермегенде қандай да бір сыртқы факторларға көп тәуелді болмағандықтан тұрақты өсіп келеді және Марокко экономикасындағы маңызы артып келе жатқан секторға айналып келеді. Марокколықтардың ұлттық нақыштағы дәстүрлі киім экспортынан (2025 жылы 75% -ға артқан) кейін ең күшті өсімді осы қолөнер саласы көрсеткен: жалпы экспорттағы 2024 жылғы 11% -дық үлесімен салыстырғанда қолөнер бұйымдарының жалпы экспорттағы үлесі 17% -ға дейін ұлғайған. Қолөнер бұйымдарының ішінде нң көп экспортқа шығарылған тауарлар арасында керамикадан жасалған мен тастан қашалған бұйымдар көш бастаған - 36%. Содан кейінгі орында марокколық кілем экспорты екінші орыннан көрінген - 18%. Марокколық кілемдер экспорты бір жылда 2% өссе, керамикалық бұйымдар мен тастан қашалған бұйымдар экспорты бір жылда 11%-дан асқан. Ал зергерлік бұйымдардың экспорттағы үлесі 52%-ға жеткен. Америка құрама штаттары нарығы марокколық бұйымдарды импорттауда жетекші бағыт позициясын нығайтып, бес пайыздық тармаққа өсе отырып, экспорттың 49% -ын құрады, бұл ретте өсім шамамен 25% -ды құрады. Ал Түркияға экспорт екі еседен астамға, дәлірегі, 2024 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты, яғни, Түркиядағы нарықтағы үлесін 6% -ға дейін арттырып, импорттаушылар арасында үшінші орынға шығарды. Франция марокколық қолөнер бұйымдар бойынша екінші ірі нарық болғанына қарамастан бұл еуропалық елге экспорт мөлшері 14% -дан 11% -ға дейін төмендеді.

0 пікір
Мұрағат