Марокколықтардың 40%-ы қалаған кезінде ұрпақ өрбіте алмайды
Марокколықтардың 40%-ы қалаған кезінде ұрпақ өрбіте алмайды
5 ай бұрын 1118 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко ұрпақ өрбітуде нақты қиындыққа тап болып отыр: бала көтеруге қабілетті жастағылардың 40%-ға жуығы қалаған уақытында перзент сүйе алмайды, ал 50%-дан астамы қаламаған жүктіліктен зардап шегуде. Бұл жайында islam.kz ппорталы en.hespress.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрғындар жөніндегі қоры әзірлеген «Өсіп-өнудің нақты дағдарысы: құбылмалы әлемде репродуктивті агенттікке ұмтылыс» атты баяндамада келтірілген 14 елге қатысты дерекке сәйкес адамзаттың үштен бірінен көбісі ата-ана болғысы келгеннен емес, қалағанынша перзент сүюіне экономикалық және әлеуметтік кедергілерден ұрпақ өрбіте алмайды. Марокколықтардың 10%-ы белсіздіктен немесе бедеуліктен зардап шегеді. Ал бұл көрсеткіш оңтүстік шығыс Азия елінде, дәлірегі, Тайландта 19%-ға, ал Америка құрама штаттарында 16%-ға жеткен. Ұрпақ өрбіту бойынша медициналық жәрдемге қол жеткізу мүмкіндігі тым төмен – марокколықтардың 33%-ы мұндай иглікікке қол жжеткізе алмайтын болып шықты. Бұл тараптағы көрсеткіш әлемдік орташа деңгейден 18%-ға жоғары. Марокколықтардың толық отбасы болуы үшін кем дегенде екі бала болуы тиіс деп есептейді. Сауалнамаға қатысқандардың арасында ерлердің 31%-ы, ал әйелдердің 40%-ы осындай пікірде. Тек 23%-ы толық отбасы атану үшін кем дегенде төрт немесе одан да көп бала болуы тиіс, деп санайды.

0 пікір
Мұрағат