Марокко құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатынан ұтып алған 25 миллион долларды мұқтаж жандарға тарту етпек
|
Футболдан Марокко ұлттық құрамасының ойыншылары Катарда өтетін әлем чемпионатынан ұтып алға барлық жүлдені тұрмысы төмен отандас отбасыларына беруге шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Халид Бейдун есімді тілшінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы жазбаға жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Марокко құрамасы жексенбі күні аяқталған турнирді төртінші орынмен аяқтады. Қола үшін өткен кездесуде Хорватия құрамасынан жеңіліп қалды (1:2). Бұл ретте Марокко құрамасы әлем чемпионатында төртінші орынға ие болып, турнирдің жартылай финалына жолдама алған Африкадан тарихтағы алғашқы команда болды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, марокколық онйыншылар жасыл алаңдағы ойын өрнегі мен өнеріне қомақты сыйақы, дәлірегі, 25 миллион доллар ұтып алған. Бұған дейін Бейдун марокколық жартылай қорғаушы Хакім Зиехтің 325 000 доллар сыйақыны еліндегі тұрмысы төмен жандарға садақа етіп бергені бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған. Аты аталған футболшы 2015 жылдан бері ұлттық құрамада ойнағаны үшін бір тиын да ақша алмаған. Ол ойыннан түскен барлық қаражатты қайырымдылыққа жұмсап келген.