|
Марокко күннен қуат алатын 600 мешіт тұрғызады
|
Марокко билігі елде күн энергиясымен жұмыс істейтін 600 мешіт тұрғызуды жоспарлайды. Айта кету керек, бұл ауқымды жоба алдағы үш жылдың ішінде жүзеге асырылмақ. Мешіт құрылыстары неміс компанияларымен бірлесе тұрғызылады. Жоспарға сәйкес алғашқы күннен қуат алатын 100 мешіт осы жылдың соңына дейін бой көтереді. «Мешіттер – Мароккодағы қоғамдық өмір орталықтарының бірі. Мәдени ошақтарда электр энергиясын үнемдейтін технологияларды енгізу тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау турасында ойлануына ықпал етеді», - деп атап өті жоба бас инженері Ян-Кристоф Кунтз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді
■
Африка үшін бәсекелестікте Қытай күтпеген жүріс жасады
■
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр