Марокко королінің пәрменімен Кот-д"Ивуарда ірі мешіт салынды
|
Африка құрлығындағы Кот-д"Ивуарда осы ел үшін аса ірі мешіт ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AfricaNews ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кот-д"Ивуар астанасы – Абижан қаласында Марокко монархының пәрменімен әрі қолдауымен бой көтерген мұсылмандардың сәулетті мешіт құрылысына табаны күректей жеті жыл кеткен. Кот-д"Ивуар халқының шамамен 40%-ы мұсылмандардан тұрады, жергілікті мұсылман тұрғындары елдің солтүстік бөлігіне шоғырланған. Марокко мен Кот-д'Ивуар арасындағы қарым-қатынас ондаған жылдарға созылады, корол Мұхаммед VI аймақтағы Марокко ықпалын арттыру мақсатында Батыс Африкаға бірнеше рет сапар жасаған болатын. Марокко француз тілінде сөйлейтін Батыс Африкаға үлкен инвестиция салуда және Кот-д'Ивуар қазіргі уақытта аймақтағы ең саяси тұрақтылыққа қол жеткізген бұрынғы француздардың отар елдерінің бірі, ал Мали, Буркина-Фасо, Нигер және Гвинея соңғы жылдары төңкерістерді бастан өткерді.