Мароккадағы 6 мыңнан аса мешіт жаңғыртпалы энергия көздеріне көшкен
|
Марокконың Ислам істері жөніндегі министрлігі бүгінге дейін бүкіл ел аумағында 6048 мешіттің энергия үнемдейтін технологиялармен жабдықталғанын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco World News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы 6048 мешіттің 1000-ы «жасыл» деп жіктеледі – Марокко үкіметінің терминологиясы бойынша бұл мешіттерде энергия үнемдейтін технологияның 3 түрі – энергия үнемдейтін шамдар, күннен қуат алатын су жылытқыштар және фотоэлектрлік панелдер қолданылады. Ислам істері министрі Ахмет әл-Тауфық 2023 жылдың соңына дейін энергия үнемдеу бағдарламасына қосымша 1980 мешіт қосылатынын мәлімдеді. Бір қызығы, Марокко мешіттерінде «жасыл» энергияны енгізу бағдарламасы 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.