|
Мәриям анаға тіл тигізгендерді Құранмен жазалады
|
Ливандық сот төрағасы Жослин Матта Мәриям анаға тіл тигізген үш жасөспірімге ерекше әрі тағлымды жаза кесті. Абақтыға жабудың орнына айыпкерлерге Мәриям ана туралы және Иса пайғамбардың дүниеге келгенін баяндайтын "әл-Имран" сүресінің аяттарын жаттауға үкім шығарды. Сот шешімін орындаған жағдайда ғана, яғни, аталған аяттарды жаттағаннан кейін айыпкерлер бостандыққа шығады. Талап сондай. Сот төрағасы Жослин Маттаның бұл шешімін ливан қоғамы құптап отыр. Ол ол ма, премьер-министр Саад Харири мен бұрынғы ел премьері Нәжіп Микати әлеуметтік желіде сот төрағасының бұл шешімін даналыққа балап, жылы лебіздерін білдірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы