|
Мәреге еңбектеп жеткен марафоншы жанкүйерлерді таң қалдырды (видео)
|
Nur.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Остин (АҚШ, Техас штаты) қаласындағы марафонға қатысқан кениялық Хивон Нгетик мәреге еңбектеп жүріп жетті.
Жарыстың көп бөлігінде 29 жастағы Нгетик алдыңғылардың қатарында болған. Алайда, мәреге 50 метр қалғанда жүгіруге шамасы келмей қалды. Спортшыға мүгедектерге арналған арбамен медициналық қызметкерлер көмекке келді. Алайда, жарысты аяғына дейін жеткізуге бел байлаған бойжеткен төрт тағандап мәреге қарай бет алған. "Мұны көріп қатты таңдандым. 43 жылда мұндайды көрмеппін", - деді ұйымдастырушылардың бірі Джон Конли. 3 сағат 4 минут 2 секунд нәтижесімен кениялық үшінші орынға ие болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)