Мамандар 2100 жылға қарай жер бетінде қанша адам өмір сүретінін болжады
Мамандар 2100 жылға қарай жер бетінде қанша адам өмір сүретінін болжады
2 жыл бұрын 2544 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемдік демографиялық тенденцияны талдау нәтижесі көрсеткендей, 2050 жылға қарай туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты адамзаттың өсу қарқыны тоқтайды, ал 2100 жылы жер тұрғындарының саны 6 млрд адамға дейін азаймақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізуге тапсырыс берген The Club of Rome коммерциялық емес ұйымы келтірген дерекке жөн сілтеген hightech.fm сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзаттың өсу қарқынына қатысты  тенденция жалғаса берсе, қазіргі уақытта 7,96 миллиардқа жеткен жер шарындағы халық саны осы ғасырдың ортасында 8,6 миллиардқа жетіп, 2100 жылға қарай 2 миллиардқа қысқарады. Бұл бағыттағы моделдеу нәтижесі бойынша болашақ адам популяциясы үшін екі ықтимал сценариді бірі орын алады: біріншісі - егер адамның  өсіп-өнуіне қатысты тенденция көп өзгермесе, 2050 жылға қарай халық саны 9 миллиардқа дейін жетеді және 2100 жылы 7,3 миллиардқа дейін төмендейді. Екінші нұсқа бойынша меншікті капиталды жақсарту және жасыл технологияларға көшу процесі өз арнасынан ауытқымаса, планетада ғасырдың ортасына қарай 8,5 миллиард адам, ал 2100 жылға қарай 6 миллиард адам болады. Бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан, экономистер мен экологтерден тұратын Earth4All ұжымының мәліметіне қарағанда, дәлірегі, Норвегиялық бизнес мектебінің тұрақты даму орталығының директоры және Earth4All жобасының жетекшісі Пер Эспен Стокнестің айтуынша, адамзат саны бүгінгі таңда дамушы елдер есебінен көбейіп отыр. Earth4All-дың моделдеу үлгісі біршама күрделірек және қоршаған орта мен экономикалық құбылыстарды қамтиды. Оларға энергияның молдығы, теңсіздік, азық-түлік өндірісі, табыс деңгейі және болашақтағы жаһандық жылынудың салдары кіреді.

Оқи отырыңыз:

"Әлемде туу көрсеткіші «апатты» деңгейде төмендейді - ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tuu-korsetkishi-apatty-dengeide-tomendeidi-galymdar-18315/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат