Малави мұсылмандары саңырау балаларға қолұшын созады
|
Малавидің ислам ұйымы саңырау әрі құлағының мүкісі бар африкалық балалардың тұрмысын жақсарту және олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру бағытында күш-жігер жұмсайтын болады.
«Есту қабілеті нашар балалардың дені түрлі әлеуметтік кедергілерге тап болуда. Олардың жағдайына мемлекет тарапынан жете көңіл бөлінбейді»,- деді Саңыраулардың мұсылман ұйымының төрағасы Ахмет Мааша OnIslam.net ақпарат көзіне берген сұхбатында. «Міне, осыған байланысты өз бетімізше бастама көтеріп, бағдарлама қабылдадық. Наным-сенімі өзге балаларға да қолұшын созамыз»,- деді ол артынша. Аталмыш ұйымның жетекшісі осы бағдарлама аясында есту қабілеті нашар балалардың сауатын ашуды әрі олардың тұрмысын жақсартуды қолға алмақшы. Сондай-ақ, оларды есту аппаратымен қамтамасыз етуді жоспралап отырғандарын жеткізді.